Бөлімге ─ жаңа басшы

Осы кезге дейін Теректі аудандық экономика және қаржы бөлімін басқарған Альмира Төлегенова бүгін қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне басшы болып тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға таныстырған қала әкімі Нариман Төреғалиев бұл салада жиырма жылға жуық еңбек еткен білікті маманның  жұмысына сәттілік тіледі.

Альмира Мұхитқызы 1980 жылы Теректі ауданы Федоровка ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің техникалық колледжін, 2006 жылы "Еуразия" Батыс Қазақстан тілдер және басқару институтын бітірген. Мамандығы ─ бухгалтер-экономист. 1998-2000 жылдары ─ Подстепное орта мектебінің есепшісі; 2000-2002 жылдары ─ Теректі аудандық білім беру бөлімінде есепші; 2002-2005 жылдары ─ аудандық қаржы бөлімінің бас экономисті; 2005-2011 жылдары ─ аудандық қаржы және экономика бөлімінде бас маман-экономист, кейін экономика және бюдеттік жоспарлау бөлімінде бас маман; 2011-2012 жылдары ─ аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы; 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы болып еңбек етті.

Қала әкімі Нариман Төреғалиұлы қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы А.Төлегенованың жаңа лауазымдық қызметіне сәттілік тілеп, жүктелген міндетті жауапкершілікпен атқарарына сенім білдірді.

                                                                                                 "Жайық Үні"


03.04.2017 13:33

Сақтап алу: