Бугін Орал қаласының әкімі М.МУКАЕВ «Локомотив» ПИК-нің 2018-2019 жж жылыту маусымының дайындығымен танысты (Әбілхайыр хан даңғылы №2/1, 2/2, 2/3 үйлер).
Сонымен қатар Громов көшесі №2/1 үй мекенжайында орналасқан жатақxана тұрғындарымен кездесті. Жатақxана 1974 жылы салынған,104 пәтерлі, 5 қабатты, 1 подъезді,қабырғасы кірпішті. Кездесу барысында әкім тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, 2018-2019 жж. жылыту маусымына дайындығымен танысты.