Деркул ауылын аралау барысында қала әкімі Мұрат Мұқаев "Сарыарқа" (ПДП2) шағын ауданының жоспарланған жол құрылысы жобасымен тұрғындарды таныстырды. Осы шағын ауданына 50 көшеге жобалау-сметалық құжаттама жасақталған болатын. Биыл "Сарыарқа" шағын ауданындағы көшелерін жөндеу жоспарланып отыр. Бірінші этапқа №7 автобус маршруты жүретін 4 көшеге жол салу жоспарланып отыр, қалған көшелер екінші этапқа сай алдағы жылдар жасалатын болады. Жобаланған жол ұзындығы 44288 м.. Қазіргі уақытта, мердігер мекемесін анықтау конкурстық процедуралар өтуде.