«Экология және жасыл экономика көшбасшысы» атты конкурс
 жарияланды

         Конкурстың негізгі мақсаты - табиғатты қорғау, экология және климаттық тепе-теңдікті сақтау проблемаларын шешуге мемлекеттік органдардың, бизнестің және қоғамның назарын аудару.

         Конкурс нәтижесі бойынша жеңімпаздарды марапаттау шарасы өткізілетін болады. Марапаттау  Бірінші экологиялық форум аясында
2018 жылғы қараша айында Астана қаласында өтеді. Тұрақты даму және «жасыл экономика» саласындағы мамандар қатарынан құрылатын  қазылар алқасы Эко әкімдік, Эко кәсіпкер, Эко өндіріс, Эко ҮЕҰ, Эко мекеме (аурухана мектептер және т. б.), Эко тұлға, Эко волонтер атты номинациялары бойынша марапатталатын ұйымдарды ұсынатын болады.

         Конкурсқа қатысуға өтінімдер ағымдағы жылдың 20 қарашасына дейін www.aeok.kz сайты бойынша қабылданады.

Қосымша ақпарат алу үшін тел.8 7172 999 410 хабарласуды ұсынамыз.