Бүгін фашисттік концлагерь тұтқындарының бостандығы Халықаралық күніне орай, Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қалалық ардагерлермен және концлагерь тұтқынында болғандармен кездесті. Жиында қазыналы ардагерлер өлке тарихынан сыр шертіп қана қоймай болашаққа деген бірнеше ұсыныстарын айтты. Сондай-ақ, әрбір ардагердің ұсыныстары мен тілектері тыңдалып, бірқатар мәселелер бойынша жауаптар алды. 
Бүгінде қала бойынша 46 мыңнан астам ардагерлеріміз тіркелген (соның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагері – 62, фашисттік концлагерь тұтқындары-10, тыл еңбеккерлері – 3 222 адам).
Кездесу соңында фашисттік концлагерь тұтқындары болған Билоцкий Антон Михайлович, Бредихина Виолетта Михайловна, Ворфоломеева Вера Петровна, Дунько Иван Архиповичке облыс және қала әкімі атынан сыйлықтар табыстап, бейбіт уақыттағы еңбектері үшін алғысын жеткізді. Сондай-ақ қаламыздың қоғамдық саяси өмірінің дамуына ат салысып жүрген қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы К.Нығмет пен зейнетке шықсада қоғамдық жұмыстарға белсене атсалып жүрген С.Алдабергеновке облыс әкімі атынан алғыс хат табыстады.