Өңір басшысы А.Көлгінов пен Орал қ. әкімі М.Мұқаев қаланы аралау барысында Оралдағы ескі үйлерді бұзу бағдарламасымен, тынымбақтарды абаттандыру жұмыстарымен танысты. Облыс орталығының Құрманғалиев көшесі бойындағы апатты деп танылған ескі 8 пәтерлі үйдің орнына 5 қабатты 90 көппәтерлі тұрғын үй салынуда.Құрылыс жұмыстары мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында жүргізілуде,нысанның құрылысы аяқталған соң пәтерлер «7-20-25» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталады.
Жалпы,облыс орталығында МЖӘ шеңберінде 5 апатты үй бұзылды,жыл соңына дейін 8 үй бұзылады.
Сондай-ақ, әкімдер Еуразия даңғылы бойында орналасқан №36 мектептің жанындағы тынымбақтың құрылысын тексерді.Аталған жердегі құрылыс жұмыстары меценат есебінен жүзеге асырылуда.Тынымбақта тренажер (стрит-воркаут) және балалар ойын алаңдары, орындықтар,жәшіктер, жарықтандыру,тротуар,демалыс аймақтары үшін алаңдар орнатылады. Абаттандыру жұмыстары «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүргізілуде.Бүгінгі таңда жұмыс 80%-ға аяқталды.Биылғы күздің басында жаңа саябақ пайдалануға беріледі.Осыған қоса,белсенді демеушілік іс-шаралардың арқасында Т.Масин көшесінде,ет комбинаты ауданындағы тынымбақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы, Оралда 56 тынымбақ бар,қазіргі уақытта 22 көпфункционалды спорт алаңдары салынуда.