Өңір басшысы Алтай Көлгінов облыс орталығындағы Мәметова көшесі (Неусыпов пен Петровский көш. аралығында) бойындағы жол жөндеу жұмыстарын қадағалады. Аталған көшеде жөндеу жұмыстары биыл сәуір айында басталып, қараша айында аяқталуы тиіс. Қазіргі таңда жұмыстың 45% орындалды. Көше ұзындығы - 2190 м. 
Облыс орталығының 50 көшесін күрделі жөндеу, орташа жөндеу және жолдарды қайта жөндеу жұмыстарына осы жылы 7,5 млрд. теңге бөлінген. Сонымен қатар, биыл қаланың 23 әлеуметтік нысандарының кірме жолдары салынады. Оған қоса, 25 көшесінде қатты жабыны жоқ жолдарға қиыршық тасты орнату жоспарда бар. Жұмыс ең алдымен, қаланың орталық және қозғалыс қарқындылығы жоғары көшелерін, сондай-ақ қоғамдық көлік жүретін жолдарды қамтиды.
Аралау барысында облыс әкімі жауапты тұлғаларға жөндеу жұмыстардың сапасын және белсенділігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді.