Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2018 жылдың 18 мамыр 21:00ден 23 мамыр күні 06:00 дейін уақыт аралығында "Орал қаласындағы Достық даңғылы бойындағы Пугачев көшесінен М.Маметова көшесіне дейін автомобиль жолын күрделі жөндеу" жобасын жүзеге асыру аясында Достық даңғылынан Құрманғазы көшесіне дейінгі Пугачев көшесінің жол учаскесі жабылатындығын xабарлайды.
Осыған орай, 2,22,51 қоғамдық көлік қозғалысы Достық даңғылы, Пугачев аялдамасы әрі қарай бекітілген сұлба бойынша жүзеге асырылады.
3,3к,6,12,14,27,38,43,49 маршруттарының көлік қозғалысы Ғ. Тоқай көшесі арқылы әрі қарай бекітілген сұлба бойынша жүзеге асырылады.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.