Орал қаласы жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, №7 жылу магистралін қайта құруға байланысты, 2018 жылдың 09-23 шілде аралығында, Л. Толстой көшесінен С.Сейфуллин көшесіне дейін Айтиев және Исаев көшелері жабылатындығын хабарлайды.
Осыған орай, №8 және №33 қоғамдық көлік маршруттарының қозғалысы Сарайшық, Петровский, Ихсанов көшелері арқылы және әрі қарай бекітілген сұлба бойынша жүзеге асырылады.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.