Өнегелі құндылықтарды және отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға қалыптастыру, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы» 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес, ағымдағы жылғы мамыр айында «Мерейлі отбасы-2018» ұлттық конкурсының қалалық кезеңі өтеді.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер Орал қалалық ішкі саясат бөлімінде 4 мамырға дейін қабылданады. 
Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік жоғары жетістіктері бар отбасылар жіберіледі. Конкурс барысында үміткер өз отбасының ерекшеліктерін, отбасылық құндылықтарын құжаттар арқылы ашып көрсетуіне толық мүмкіндігі бар.

Конкурсты өткізу қағидаларымен танысу және конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2018 жылы 4 мамыр күніне дейін келесі мекенжай бойынша жүргізіледі: БҚО, Орал қаласы, Достық даңғылы, 182/1, 38 кабинет, тел. 51-50-20, 50-45-34, 50-46-92