Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау мен әлеуметтік даму Министірінің  2016 жылғы 13 шілдедегі № 610 бұйрығымен  «Еңбек  Жолы» республикалық конкурсы бекітілді.

«Еңбек жолы» республикалық конкурсының ұйымдастырылуы мен өткізілу тәртібін реттейді және жастарды еңбекке деген құрмет рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау мен көбейту мақсатында өндірістегі үздік еңбек әулеттері мен жұмысшыларды анықтауға мүмкіндік береді. Конкурс еңбек Адамының қоғамдағы беделін арттыруға және «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» қамқорлығымен еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыруға септігін тигізеді.

Конкурсқа кәсіпорындардың (саласынан тәуелсіз ) барлық жұмысшылары қатыса алады.

Конкурс 3 номинациядан тұрады:

1) «Үздік еңбек әулеті» - ең көп жұмыс өтілі бар, көбірек марапаттары бар ең үлкен әулет таңдалады.

2) «Өндірістің ең жас жұмысшысы»- жұмыс өтілі 5 жылдан көп емес өндірістің ең белсенді және еңбекқор жұмысшысы таңдалады.

3) «Жұмыс жасайтын жастардың ең үздік тәлімгері»- 20 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар аса тиімді тәлімгер таңдалады.

«Еңбек жолы» конкурсына қатысу үшін өтінімдерді 2018 жылдың 29 маусымға дейін «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Достық - Дружба даңғылы, 161, 2  қабат, 26  бөлме, байланыс телефондары: 93-35-74, 93-35-98 беруіңізді сұрайды.