2018 жылғы тамыз айының 1 күні сағат 9:00-ден 18:00 аралығында Орал қаласы Құқық қорғау қызметтері орталығының ғимаратында құқықтық мәселелер бойынша «Ашық есік күні» акциясы өтеді, мекен жайы Орал қаласы Шаған жағалауы 84 (Смарт Орал) ғимараты.

«Ашық есік күні» акциясы барысында прокурор, медиатор, пробация қызметі, жергілікті полиция, жеке сот орындаушылар мен құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің БҚО бойынша басқармасының және қалалық әкімдіктің тұрғын үй, құрылыс, жер, бөлімі мен мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары қабылдау жүргізеді.

Жеке қабылдауға алдын ала жазылу сұрақтарымен Сізге 51-08-32; 8 777 499 47 47 телефондарына хабарласуға немесе Орталықта жазылуға болады (жоғарыда көрсетілген мекен- жай бойынша).