Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес Батыс Қазақстан облысының Орал қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Доля Сергей Евгеньевич тағайындалды. 
Білімі - жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институты «Инженер-механик», мамандығында оқыды. 
Әр жылдары:
- «Оралэнерго» АҚ Орал қалалық филиалының сату болімінің бақылаушысы, сату және жүзеге асыру бөлімінң абоненттік учаскесінің бастығы, электр энергиясының есепке алу және сату бөлімінің абонеттік учаскесінің шебері.
- «Кабелді өндіру желелері бойынша кабельді бақылаушы, КЛ және ТП кабелдік желелерін қадағалайтын инженері, КЛ және ТП сервисінің бастығы, «ЗапКаз РЭК» АҚ қалалық филиалының бас инженері». Ал 2018 жылдың қантар бүгінге дейін «ЗапКаз РЭК» АҚ қалалық филиалының бастығы қызметін атқарды.