Орал қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 06 сәуірдегі № 850 қаулысына сәйкес, санитарлық тазалау және абаттандыру жөніндегі іс-шаралар өткізу, 2018 жылдың сәуір айының 14, 21,29 күндері және мамыр айының 5, 12, 19, 26 күндеріне белгіленді.
Жоғарыда аталған Қаулыға және «Жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау, қалалардың және елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың Қағидасын бекіту туралы» ережесіне сәйкес, Сізден азаматтық жауапкершілігіңізді танытуыңызды және аталған іс-шараға белсенді қатысуыңызды сұраймыз.
Сондай ақ, Абаттандыру ережелеріне сәйкес, өзіңіздің бизнес нысандарыңыздың іргелес аумақтарын тұрмыстық қалдықтардан, шөптерден және тағы да басқа қоқыстардан тазарту, көшеттер отырғызу және ағаштарды ақтау жұмыстарын жүргізу қажет.