Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссия отырысы өтті

Бүгін қалалық әкімдіктің кіші залында қала әкімінің орынбасары Мирболат Нұржановтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үш жақты комиссия отырысы өтті.

Отырыста қалалық әкімдігі, кәсіподақ және шетелдік капиталдың қатысуымен кәсіподақтар әкімшілігі арасындағы қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайлары мен тұрмысты қамтамасыз ету жөніндегі өзара түсінік туралы Меморандумның орындалуы туралы айтылды.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зейнткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атқарылған жұмыстары тыңдалды.

Отырыс соңында «Парыз» республикалық сайысына қатысқан кәсіпорын  басшыларына  дипломдар табыс етілсе, өндірістің тұрақтылығын, соның ішінде жұмыс орындарын сақтап қалу, еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және қызметкерлерді жұмыспен қамту жөніндегі Меморандум бойынша шарттарын орындағаны үшін бірқатар мекемелердің басшыларына алғыс хаттар беріледі.


03.03.2017 18:35

Сақтап алу: