Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті бірлесіп,  9-желтоқсан сыбайлас жемқорлықпен халықаралық күрес күніне орай  2018 жылдың 5 желтоқсан күні Жастар мәдениет үйінде «Адал жол – Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны аясында «Мәдениет – руханият өзегі» атты шара өткізілді. Шарада сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оны алдын – алу мақсатында көрініс қойылып, аталған шараның тақырыбы ашылды. Сонымен қатар шарада Жастар мәдениет үйінің көркемөнерпаздарымен бірге Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармония әншілері, Республикалық «Жас қанат», «Азия дауысы», «Жаһан дала», «Золотой шлягер», «Мальт әндері» тағы басқа ірі ән додаларының лауреаты, «Алтын домбыра» Президент сыйлығының, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Марат Сарбөпеев, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жаңылсын Хасанова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Еркін Өтегенов, Сұлтан Даутов жетекшілік ететін «STEP UP» би студиясы, 5517 әскери бөлімінің әскери оркестрі, оркестр әншісі, Халықаралық байқаулардың лауреаты  Шынар Отарбаева өнер көрсетті.