Бүгін елдігіміздің басты нышаны - өнеріміз бен мәдениетімізді, ғасырлар бойы атадан балаға мұра болған асыл қазынамызды өскелең ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етіп жүрген мәдениет және өнер қызметкерлерінің мерекесі. Айтулы мереке қарсаңында Жастар мәдениет үйінің көрермен залында Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті. Шарада Орал қаласының әкімі Мұрат Рахметұлы Мұқаевтың атынан Алғыс хатпен марапаттау үшін сахна төріне Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов, Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы басшысы Қадырболат Қабдерұлы Мұсағалиевтың атынан Алғыс хатпен марапаттау үшін аталған мәдениет басқармасының бас маманы Гүлзия Әскерқызы, Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімнің басшысы Қуанышбек Жанболатұлы Мұханғалиевтың атынан Алғыс хатпен марапаттау үшін сахна төріне Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ақжарқын Төлегенқызы Аймұратова, Кәсіподақ комитеті ұйымының атынан Алғыс хатпен марапаттау үшін Жастар мәдениет үйінің директоры Серік Ерболатұлы Қайрлиев шақырылып, бір топ «үздік» деп танылған мәдениет қызметкерлерін марапаттады.

Шарада вокалды аспаптар ансамблінің әншілері, Халықаралық байқаулардың лауреаттары Салауат Мұхамбетжанов, Ақмарал Ахметова, Омар Хибашев, Қадырболат Едіров, Рүстем Кереев, Тарас Жауынбаев, ІІІ Халықаралық «KAZAN – MUSIC ЙОРТ» байқауының лауреаты скрипкашылар ансамблі, Халықаралық «Жұбанов көктемі» фестивалінің лауреаты, ІІІ Халықаралық «KAZAN – MUSIC ЙОРТ» байқауының Гран – При иегері, ІІІ Халықаралық «CASPI ART» өнер байқауының лауреаты орыс халық аспаптары оркестрі, Халықаралық байқаулардың лауреаттары «Салтанат» би ансамблі, «Инабат» би ансамблі, Вокалды аспаптар ансамблі, Республикалық байқаулардың лауреаты, домбырашы Нүркен Шайжанов, дәстүрлі әнші – термешілер байқауының Бас жүлдегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі Армат Исламғалиевтер қатысып, көрермендерге мерекелік көңіл – күй сыйлады.