Орал қаласы бойынша Мемлекеттік қірістер басқармасының Мемлекеттік қызмет көрсету Орталығы өз қызметінде ҚР заңдарын, «Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы» ҚР ҚМ МКК төрағасымен бекітілген 09.06.2016 жылғы №326 бұйрығын, «Мемлекттік қызмет көрсету стандарттарын бектіу туралы» ҚР ҚМ 27.04.2015 жылғы №284 бұйрығын, «Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерін бекіту туралы» ҚР ҚМ орынбасарының 02.07.2014 жылғы №298 бұйрығын басшылыққа алады.    

Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы көрсетеді. 

Мемлекеттік кірістер органдары қызметтерінің маңызды бағыттарының бірі болып салық төлеушілермен өзара іс-қимыл тәсілдерін жетілдіру, қызмет көрсету сапасын арттыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің алда қойылған мақсаттарының бірі салық төлеушілермен өзара іс-қимыл әрекетін электронды қамтамассыз ету болып табылады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен 2017 жылдың 12 айына 476888 салық қызметі, соның ішінде 439802 (92,22 % ) электронды түрде көрсетілді.

Электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсету «Салық төлеушінің кабинеті» https://cabinet.salyk.kz/sonowebinfo/ веб-қосымшасы, Салық есептілігін өңдеу сервистері (СЕӨС) ақпараттық жүйесі арқылы және «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады. Салық есептілігін электронды түрде тапсыру үшін салық төлеуші мемлекеттік кірістер органына (немесе ХҚКО) электронды салық төлеушінің тіркеу есебі туралы салық өтінішін тапрсыру арқылы электронды цифрлық қолтаңбаны ала алады. Мемлекеттік кірістер органымен берілетін электронды цифрлық қолтаңбаның қолдану мерзімі 3 жыл. Сондай-ақ салық төлеушілерге ыңғайлы болу үшін ХҚКО берілген ұзарту мүмкіндігімен қолдану мерзімі 1 жыл электронды цифрлық қолтаңбаны қолдануға болады. Бұл электронды цифрлық қолтаңбамен салық декларацияларын, патент есеп –қисабын, қосымша құн салығы бойынша тіркеу есебі туралы, салық есептілігін уақытша тоқтата тұруға немесе ұзартуға, қайта бастауға, салық есептілігін қайтарып алуға, салық берешегiнiң, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегiнiң жоқ (бар) екендiгi туралы мәлiметтердi және т.б. салық қызметтерін алуға мүкіндіктер бар.

Электронды қызмет түрі: ЫҢҒАЙЛЫ, ПАЙДАЛЫ, ЖЕҢІЛ!