Бүгін 22 маусым күні қала әкімі М.МҰҚАЕВТЫҢ қатысуымен Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты шара өтті. Қала әкімі мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, шара барысында мемлекеттік қызметке жаңадан тағайындалғандар ант қабылдады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметте бірнеше жылдар бойы мінсіз қызмет атқарған бірқатар мемлекеттік қызметшілер облыс және қала әкімдерінің алғыс хаттарымен марапатталды.