ҚР Тұңғыш президенті, Елбасы Н.Назарбаев «...әлемдік қауымдастық жүйесіндегі мемлекет бәскелестігінің жоғары болуы әр азаматтың денсаулық, ақыл-ой және білім деңгейінің сапасына байланысты» деп көрсеткендей, әр мемлекеттің болашағы сол елдің халқының игілігіне байланысты, әсіресе оның өскелең ұрпағына тәуелді екеніне көзіміз жетіп отыр.

Елбасының оқушылардың мектепке баруын толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау үшін, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес, «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізіледі. Биылғы жылы акция 1 шілде бен 30 қыркүйек аралығында «Жүректен жүреккке» ұранымен өтеді.

Акция мақсаты - жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған, көпбалалы отбасыларының балаларына қолдау көрсету мен балалардың 1 қыркүйекте әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалуының алдын алу болып табылады.

Жылдан жылға Акцияға қатысып, әлеуметтік көмекті қажет ететін балаларға қолдау көрсетушілердің саны артуда, солардың ішінде қала әкімдігі, қалалық мәслихат, депутаттар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар, білім беру, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдары, заңды және жеке тұлғалар белсенділік көрсетуде. Өткен оқу жылында 4300 оқушыға 63 млн теңгеге көмек берлді. Бұл қаржының 52 млн теңгесі бюджеттік қаражат болса, 11 млн теңгесі бюджеттен тыс қаражат болды.

Қала мектептерінде 3000-ға жуық аз қамтылған, көп балалы отбасы, жетім және ата-ана қамқорынсыз қалған балалар тіркелген. Жаңа оқу жылында 5000-нан астам бүл¬діршін қала мектептерінің табалдырығын аттағалы отыр.

Әлем ізгі ниетті адамсыз емес – бұл өмір ақиқаты.

Қоғамның қайырымдылық әлеуетін жұмылдыру арқасында қаламыздың көмекті қажет ететін балалары ілтипат пен қамқорлыққа бөленіп, олардың қажетті әлеуметтік жағдайының жақсаруы үшін, білім алуы үшін даяр болуына демеу болмақшы қала тұрғындары мен қонақтарын білім беру бөліміне (Достық даңғылы, 145 үй, тел.: 50-38-79) және қала мектептеріне жолығуын сұраймыз.

Орал қаласының білім беру бөлімі