«НАУРЫЗ» мерекесінің жалпы бағдарламасы

2017 жылғы «Наурыз» мейрамына арналған негізгі мерекелік  шараларды жаңа алаңда өткізу жоспарлануда. 22 наурыз күні сағат 11.00-де жаңа алаңда «Наурыз- думан» театрландырылған концерттік бағдарламасы басталады.

Өткізілетін барлық іс-шаралардың мазмұндық сипаты «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қамтуға бағытталатын болады.

Негізгі «Наурыз - думан» мерекелік шарасы театрландырылған музыкалық- хореографиялық композиция мен концерттік бағдарламадан тұрады.   

Жаңа алаңда облыстың мекеме-ұжымдары 20 киіз үй тігеді. Әрбір киіз үйге мекемелермен қатар мейрамхана, кафелер бекітіледі. Сонымен қатар, әрбір киіз үйдің алдында облысымызды мекендеген барлық ұлттардың ұлттық ойындары ойнатылады (киіз үйлер тізімі қосымша беріледі), спорт алаңында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылады.

 «Наурыз – думан» мерекесі театрландырылған музыкалық – хореографиялық көріністен тұрады. Көрніс табиғаттың оянуынан басталып, көктемнің келуін сипаттайды. Бағдарлама барысында мереке күні отбасын құрған жас жұбайлармен  ұлттық салт - дәстүрлер көрсетіледі. БҚО әкімі А.Көлгініов тұрғындарды мерекемен құттықьап, шара Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның концерттік бағдарламасына жалғасады.

Алаңда мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылып, қала тұрғындары мен қонақтарына арнап кәсіпкерлер өз өнімдерін ұсынатын болады.

Шараны өткізу барысында қаланың қоғамдық тамақтану орындары, мейрамханалары киіз үйлердің алдында келушілерге ұлттық  тағамдарын ұсынады.

Мереке қарсаңында қаланың барлық мәдениет мекемелерінде, балалар аула клубтары мен кітапханаларда ертеңгіліктер, концерттік бағдарламалар, кездесулер секілді  «Наурыз» мейрамына арналған түрлі шаралар ұйымдастырылады.

19 наурыз күні Салтанат сарайы Халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық байқаулардың жеңімпаз балаларына арналған «Жаңа күн жұлдыздары» атты мерекелік шарасы өтеді. 

19-22 наурыз аралығында қаланың Зашаған, Деркөл, Круглоозерное, Серебряково, Желаево кенттік округтерінде «Наурыз» мейрамына арналған түрлі мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылып, өткізіледі.

Меншік түріне қарамастан қаланың барлық мекеме, ұжымдарыны «Наурыз» мейрамына орай ғимараттарының маңдайшалары мерекеге сай безендіріліп, билбордтарға  мерекелік тақырыптағы баннерлер ілінетін болады. 


17.03.2017 10:33

Сақтап алу: