Қызметті онлайн алу

Некені тіркеуге өтініш берушіге:

  1. Авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту.  
  2. Өтінімде ерінің/зайыбының ЖСН көрсету және неке тіркелетін ЖАО тіркеу бөлімін таңдау.
  3. Өтінімге ЭЦҚ қою (электронды цифрлық қолтаңба) қажет немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында тіркеу міндетті).
  4. Болашақ ерінің/зайыбының өтініш беруді растауын алу. Өтініш 48 сағаттан артық емес растауды күтуі мүмкін, одан кейін күшін жояды.

Некені тіркеуді растаушыға:

  1. Авторлану және «Қызметтерді алу тарихы» тарауында қол қоюды күту сұранымын таңдау.
  2. Өтінімді толтыру және оған ЭЦП қою (электронды цифрлық қолтаңбамен) немесе смс-пароль көмегімен (мобильді азаматтар базасында тіркеу міндетті).
  3. Егер өтінішті беруші төлемесе, қызметті төлеу қажет.