8 мамыр күні облыс басшысы Алтай Көлгінов пен қала əкімі Мұрат Мұқаев Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қ.Сүйіншәлиев, М.Ажғұлов, Х.Сафин, А.Митрохина, Л.Губанова, И.Гапич және М.Абдрахмановты 7-мамыр Отан қорғаушылар күні және 9 - мамыр Жеңіс күнімен үйлеріне барып құттықтады. 
Қалам Жұмашұлы - Батыс Қазақстан облысы, Тайпақ ауданында 1925 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген. 1942 жылдың күзінде майданға аттанып, Закавказье майданында әуе қорғаныс бөлімінің 345 зенит полкінде әскери міндетін атқарады.
Қ.Сүйіншәлиев Республикаға танымал көрнекті педагог – ғалым, ұлағатты ұстаз, соғыс ардегері, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент атағын алған.
Мұхтар Ажғұлұлы - Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Сүйіндік ауылында 1922 жылы 1 мамырда дүниеге келген. 1942-1945 жылдары Отан соғысына қатысып Сталинград, Калинин, бірінші және екінші Приблатика майдандарында болды. Жұмыс жасаған кездерінде бірнеше рет аудандық, облыстық кеңестерінің депутаты, аудандық, облыстық партия комитетінің мүшесі болып сайланды.
М.Ажғұлов Батыс Қазақтан облысының құрметті азаматы, сондай ақ, Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасымен, Отан соғысы ІІ дәрежелі орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен, Құрмет белгісі ІІ ордені және т.б марапатталған.
Хамза Абдрахманұлы - 1925 жылы 22 қыркүйекте Орал қаласында дүниеге келген. 1941 жылдың шілде айынан бастап, Орал пальто фабрикасында механик, өрт сөндірушісі және зауыт электр станциясында машинисті болып жұмыс жасады. 1942 жылдың желтоқсанда 17 жасында комсомолдық өтінішімен жаяу әскері курсанты қатарына қабылданды, содан соң 1943 жылы мамырда оңтүстік-батыс майданына жіберіліп, екінші Балтық және Үшінші Белорус майданында болды. Үш мәрте жарақат алған. 
Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін І және ІІ дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз, Құрмет белгісі, Құрмет медалі және тағы 20 астам медальмен марапатталған.
Алевтина Тимофеевна - 1925 жылы 14 тамызда Саратов қаласының, Озинский ауданында дүниеге келген. 1940 жылы Озинск мектебінің 8 сыныбын бітірді. 1941 жылдың қараша айында медбикелерді дайындау қысқа мерзімді курсын оқыған. Аудандық әскери бөлімнің нұсқауымен оны 15994 әскери бөліміне медбике қызметін атқаруға жіберді.

Мектепті бітіргеннен кейін Сталинград мектебінде КСРО МГБ білім алды. Ол Ішкі істер министрлігінде 15 жыл жұмыс істеді. Содан кейін ауылшаруашылық институтын бітірді. Майдан кезінде батырлығы үшін «Құрмет белгісімен», «Отечественная война» және «КСРО ішкі істер министрлігінің мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.

Фото: @alexandr_kupriyenko77