7 маусым облыс әкімі DOUBLE TREE HILTON қонақ үйі іргетасына капсула салды.

-Бұл инвестициялық жобалардың өңір дамуына өзіндік үлесі зор. Жаңа қонақ үй облыс қонақтарына ыңғайлы жағдай жасап, өңіріміздің  туристік әлеуетін арттыра түспек. Бұдан бөлек облыс орталығында және Ақсай қаласында тағы халықаралық стандарттағы екі қонақ үй салу жоспарлануда. Бұл мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының  өңірде болған жұмыс сапарында берген тапсырмасына сәйкес облыстың инвестициялық тартымдылығын артырмақ, - деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.

Халықаралық «DOUBLE TREE HILTON» франшизасымен салынып жатқан 8 қабатты 123 нөмірге және 40 көлік орынға шақталған қонақ үйде бизнес орталық та қарастырылған. Жобаға 12 млн. АҚШ доллар инвестиция тартылып, 200 жаңа жұмыс орны ашылмақ.