Облыс көлеміндегі «Таза жағалау» облыстық экологиялық акциясы

Ағымдағы жылы 5 тамызда облыс көлемінде «Таза жағалау» облыстық экологиялық акциясы өткізілді.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін акцияның мақсаты – су нысандарының, өзен жағалауының жағдайын жақсарту, туған өлке табиғатына ұқыпты қарауға және жауапкершілік сезіміне тәрбиелеу.

Облыс көлемінде 16 мыңдай адам қатысып,  235 бірлік техника жұмылдырылды және 800 тоннадай қоқыс шығарылды.

Акция шеңберінде тек Жайық өзені жағалауы емес, сонымен қатар облыс аудандарының су нысандары Үлкен және Кіші Өзен, Шаған, Деркөл, Елек, Утва, Барбастау, Қалдығайты, Өлеңті өзендері, Шалқар, Еділсор, Қаңбақты, Ащы, Балықты Сакрыл көлдері, Дөңгелек, Мұратсай су қоймалары, Киров-Шежін, Вологин, Алғабай-Первомай каналдары және т.б. жағалаулары тұрмыстық қатты қалдықтардан тазаланды. Оның ішінде Орал қаласы бойынша 978 адам қатысты, 6 бірлік техника жұмылдырылды және қалалық полигонға 40 тонна қоқыс шығарылды.

Орал қаласында Жайық өзені жағалауы Чапаев атындағы затоннан бастан Коминтерн ықшам ауданы дейінгі аймақтағы «БатысСуАрнасы» ЖШС, «Жайықжылуқуат» АҚ, Некрасов көшесінен Стелла маңындағы өзен жағалауы, БҚО балық инспекциясы басқармасы ауданы және Курени ауданынан Хан тоғайы, Шаған өзеніне құяр тұсқа дейін тазаланды. Сонымен қатар, Шаған өзенінің жағасы (монументтен гидроторапқа дейін) және Шаған гидроторабының төменгі бьефінде де тазарту жұмыстары жүргізілді.


11.08.2017 09:27

Сақтап алу: