Орал қаласында «Наурыз» мерекесіне орай ауыл шаруашылық өнімдері мен азық-түліктер жәрмеңкесі өткізіледі

2017 жылдың 18-19 наурыз аралығында 9:00-ден 15:00-ге дейін Ықсанов көшесінің бойында «Наурыз» мерекесіне орайластырылған көтерме бағамен сатылатын ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түліктердің  кеңейтілген жәрмеңкесі өткізіледі.

Жәрмеңкеге облыс аудандары мен қаланың өнім өндірушілері, өндіріс кәсіпорындары, шаруа қожалықтары, көтерме саудамен сататын  тауар жеткізушілер және  дистрибьюторлар қатысады.

Жәрмеңкеде орындар тегін беріледі.

Сонымен қатар жәрмеңке өткізу мақсатыда 2017 жылдың 17-19 наурыз аралығында Достық даңғылы мен Құрманғазы көшелерінің арасындағы Ықсанов көшесінің бөлігінде  автомобиль көліктері қозғалысы шектеледі.


15.03.2017 14:51

Сақтап алу: