Шаруа қожалықтарына және саяжайшыларға өз өнімдерін делдалсыз тұтынушыларға тікелей ұсынуға жағдай жасау мақсатында Орал қаласының Ихсанов көшесінің бойында әр сенбі, жексенбі күні ауылшаруашылығы тауарлары өнімдерінің кеңейтілген жәрмеңкесі оздырылды. 
Аталған жәрмеңкеге 50-ге жуық облыстық және қала маңының ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері өз өнімдерін саттыққа шығарды. Ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге және саяжайшыларға сауда орындары тегін берілді.
Сәуір айынан бастап барлығы 31 жәрмеңке өткізілді. Аталмыш жәрмеңкелер картоп бағасын нарықта тұрақтандыру жолында зор пайдасын тигізді. Қазан айының басында картоптың нарықтық бағасы 130 тенге, дүкен сөрелерінде 150 тенге болса, жәрмеңкеде келісі 90 тенгеден сатылып, нарықтық баға 100-110 тенгеге дейін тұрақтандырылды.
Күні бүгінге өткізілген барлық жәрмеңкенің қорытындысы бойынша 852 тонна ауылшаруашылығы өнімдері, 83,7 тонна ет, 17 тонна балық және 216 мың дана жұмыртқа сатылды. Сатылған тауарлардың жалпы сомасы 240,0 млн. теңгені құрады.