«Қала халқының саны 313 173 адамды немесе Батыс Қазақстан облысы халқының 47% құрайды. Жыл сайын жаңадан емдеу мекемелері, мектептер мен балабақшалар, өзге де әлеуметтік нысандар бой көтеруде. Жолдар мен желілер жөнделіп, аулалар абаттандырылуда. Күні бүгінде қаланың жалпы бюджеті 56,7 млрд. теңге. Қаланың аграрлық секторында 56 ауыл шаруашылығы бар. Тұрғындарды маусымаралық уақытта жаңа піскен көкөністермен қамтамасыз ету мақсатында 8 шаруа қожалықтарының жылыжай кешені жұмыс жасайды.

Есепті деректер бойынша қалада 31 153 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген.

Бүгінгі таңда 51 күндізгі жалпы орта білім беретін мектептерде 49949 оқушы білім алуда. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3467 оқушыға артқанын көрсетеді. 5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен қамтамасыз ету мақсатында 2019-2020 оқу жылы мектепалды даярлық тобында 4503 бала тәрбиеленуде.

Биылғы жылдың жоспарына сай Зашаған кентінен төрт көппәтерлі тұрғын үйді, қаланың солтүстік-шығыс бөлігінен екі үйді пайдалануға беру жоспарлануда.

Орал қаласы аумағындағы тозған және апатты үйлер мәселесі мемлекеттік-жеке меншік әріптестік қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Ағымдағы жылы 6 апатты үй бұзылды (Евразия даңғылы 244, 246, 246/1, Есқалиев көшесі 151, 153, Мұхит көшесі 124/2).

Бүгінгі таңда облыс орталығында жаңадан салынып жатқан шағын аудандарды қоспағанда, 386 аула аумағы бар. Оның ішінде 2007 жылдан бастап 313 аула аумағы жөнделіп, абаттандырылды.Қазіргі таңда 15 аула бойынша абаттандыру жұмыстары аяқталды.Қаланың 268 көшесі мен 372 аула аумағы жарықтандырылды» - деді қала әкімі есептік баяндамасында.