№42 мектеп командасы Чемпион атанды!

Әр оқу жылында Орал қаласының мектеп оқушылары арасында өтетін Спартакиада өз мәресіне жетті. Қаламыздағы ірі спорттық шараның жабылу салтанатына Орал қаласы әкімінің орынбасары Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы, Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрмұханбетов Азамат Мадиярұлы, Орал қаласы мектептерінің ұжымы және оқушылар қатысты. Бұл жолғы жарыс 22 000-нан астам жасөспірімдердің басын қосты. Спартакиаданың негізгі мақсаты жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салты мен патриоттық тәрбиені насихаттауды көздейді. Жарысқа қатысушы бозбалалар мен қыздар баскетбол, волейбол, үстел теннисі, шағын футбол, жүзу, шахмат, тоғызқұмалақ және т.б. жалпы 22 спорт түрлерінен сынға түсті.

Тоғыз айға созылған бәсекенің қорытындысы бойынша, командалық есепте №42 мектеп командасы бірінші орын, №9 мектеп командасы жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді, үздік үштікке №26 мектеп командасы енді.