Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2018 жылдың 06 қарашасы күні сағат 14:00-ден бастап автомобиль жолдары бойындағы жарықтандыру бағаналарын демонтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, Ықсанов көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі Достық көшесі бойындағы жол учаскесі жабылатындығын хабарлайды.
Осыған орай, көлік қозғалысы А. Тайманов көшесі арқылы жүзеге асырылады.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.