Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2018 жылдың 08 қарашасы күні сағат 09:00-17:00 аралығында автомобиль жолдары бойындағы жарықтандыру бағаналарын демонтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, Сарайшық көшесінен Досмұхамедов көшесіне дейінгі Достық даңғылы бойындағы жол учаскесі жабылатындығын хабарлайды.
Осыған орай, көлік қозғалысы Сарайшық көшесі, Есқалиев көшесі, Досмұхамедов көшесінен Достық даңғылы арқылы жүзеге асырылады.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.