Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2018 жылдың 08 қарашасы күні сағат 14:00-18:00 аралығында автомобиль жолдары бойындағы жарықтандыру бағаналарын демонтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, Евразия даңғылынан Ықсанов көшесіне дейінгі Достық даңғылы бойындағы жол учаскесі жабылатындығын хабарлайды.
Осыған орай, көлік қозғалысы Евразия даңғылы, А.Тайманов көшесі, Ықсанов көшесінен Достық даңғылы арқылы жүзеге асырылады.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.