Орал қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі 2018 жылдың 09 қарашасы күні сағат 09:30-12:30 аралығында автомобиль жолдары бойындағы жарықтандыру бағаналарын демонтаждау жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, Ықсанов көшесінен Сарайшық көшесіне дейінгі Достық көшесі бойындағы жол учаскесі жабылатындығын хабарлайды.
Осыған орай, көлік қозғалысы А. Тайманов көшесі арқылы жүзеге асырылады.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.