«Орал қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-сі келесіні хабарлайды: 
Балауса шағынауданында жолдарды күрделі жөндеу жұмыстары басталуына байланысты, 2018 жылдың 11 қыркүйегінен 30 қарашасына дейін Пятимарская, Есет-Батыр, 10-шы көше, Шопан батыр, Радлова, Кашаубаев көшелерінде көлік құралдарының қозғалысы шектеледі
Осыған орай, жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №6, №7 маршруттарының соңғы аялдамасы ескі соңғы аялдамасы (Бөкен Би көшесі) болып анықталды.
Қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарап, Сізден келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.