7 сәуір күні "Орал" спорт клубында жасөспірімдер мен қыздар арасында Батыс Қазақстан облысының каратэ ардагері М.С.Кужаxметовтың 50 жас мерейтойына арналған каратэ Шотоканнан ашық қалалық турнир өтті. Аталған жарыстың ашылу салтанатында жарыстың құрметті қонағы Орал қаласы әкімінің орынбасары Нарымбетов Бақытжан Хаберұлы құттықтау сөз айтып, оқушылар және Марат Самиғоллаұлының шәкірттері көрнекі қойылымдар көрсетіп, оқушылар атынан қазақтың дәстүрі бойынша шапан жапты. Сазды ән шырқалып, жас спортшылар жарыстың финалдық бөлімін жалғастырды. Жарыс соңында үздіктер анықталып, жеңімпаздар Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің дипломдары мен медальдарымен марапатталды.