Оралдағы ҚР Тұңғыш Президенті алаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығы аясында облыс домбырашыларының «Нағыз қазақ - домбыра» атты кең ауқымды акциясы өтті.
Бұл шара қазақ музыка тарихында ерекше орны бар күй өнерінің классигі Құрманғазы Сағырбайұлының шығармаларын насихаттауды, күй өнерін, халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеуді мақсат етті. Өнер арқылы өрелі ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған шара барысында облыстағы 1700 добырашы бір мезгілде күйшінің күйлерін орындады. Олардың қатарында оқушылар мен студенттер, зиялы қауым өкілдері, түрлі сала қызметкерлері болды. -Биыл ерекше жыл. Күй атасы Құрманғазы бабамыздың екі ғасырлық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтуде. Бұл - тарихи шара. Қатысушыларға алғыс айтамыз. Шынында да, нағыз қазақ - домбыра,-деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.
Домбыраның шанағынан төгілген күй Ақжайықтың аспанында күмбірледі.