Осыдан 2-3 күн бұрын «Элеватор» ауданына қарасты Чкалов пен Жымпиты көшелерінің қиылысына қойылған қоқыс қалдықтарын салатын темір 3 контейнердің, «№31 мектеп» ауданына қарасты Чкалов пен Просторная көшелерінің қиылысына қойылған 3 контейнердің ұрланғаны туралы ақпарат түсті. Ұрлық болған орынға барған №8 УПП-нің инспекторлары расында да белгісіз тұлғалардың темір жәшіктерді ұрлағанын анықтады. Қаладағы бірнеше түрлі-түсті темір терсектерді қабылдайтын орындар, лицензиясы бар-жоғы тексерілді.Ұрлық фактісі Орал қаласы ІІБ қылмыстық құқық бұзушылық жөніндегі ақпараттарды тіркеу журналына ресми тіркелді. Контейнерді ұрлау фактісі бойынша тексеріс шаралары жүргізілуде.