Қала мектептері оқушылары арасында жарияланған «Салауатты өмір салты» тақырыбындағы шығармалар байқауы мәресіне жетті.Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасыоқушылардың білімін арттыру мақсатында 2018 жылғы қараша айында оқушылар арасында білім беру ұйымдарының базасында «Салауатты өмір салты» атты  шығармашылық сайыс өткізілді. Комиссия  қарауына 3-4 сынып оқушыларынан 50-ге тарта жұмыс түсті, нәтижесінде салауатты өмір салтын ұстану туралы ұтымды ой –пікірін қағаз бетіне түсірген №1 жалпы білім беретін мектебінің 3 «а» сынып оқушысы Ажар Абайқызының шығармасы бірінші орынға лайық деп танылды. Екінші орынды № 17 ЖОББМ мектебінің 3"б" сынып оқушысы Валентина Свириденко  мен №34 мектеп-гимназиясы 4"б" сынып оқушысы Айкөркем Нұржан бөліссе, үшінші орынға №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 3"б" сынып оқушысы Алина Сивец, №13 жалпы орта білім беретін мектебінің 3"б" сынып оқушысы Екатерина Гергей, №7 жалпы орта білім беретін мектебінің 4"г" сынып оқушысы Темирлан Байарстанов, № 17 жалпы орта білім беретін мектебінің 3"в" сынып оқушысы Вероника Синделеева және №44 мектеп-гимназиясы 3"д" сынып оқушысы Алтынай Ерлан ие болды.Жүлдегерлер Орал қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының атынан алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды