Ғалым ТҰРСЫНБАЕВ

ҚР МҚІА БҚОД басшысы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасымен Агенттік алдында Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру міндеті қойылған. Нақты бір салада өзіндік жетістіктері бар жас қазақстандықтарда іріктеуден өтіп, резервке алыну, жоғары мемлекеттік және басқарушы лауазымдарға тағайындалу мүмкіндігі пайда болды.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар – бұл азаматтылығы, жасы 35-тен аспауы қажет, білімі және жалпы жұмыс тәжірибесі 5 жыл. Креативті, дарынды жастарымыздың кейбірі шетелде тұрып жатқанын жақсы білеміз. Сондықтан, конкурсқа еліміздің жастарымен қатар, шетелде тұрып жатқан Қазақстан Республиканың жас азаматтары қатыса алады.

 

ӨҢІРЛІК КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІНІҢ АҚПАРАТ БӨЛІМІ

#БатысҚазақстаноблысыӘкімдігі #ІшкіСаясатБасқармасы

#ӨңірлікКоммуникацияларҚызметі #АқпаратБөлімі

#БаспасөзМәслихаты #Мемлекеттікқызметістеріагенттігі

#Президенттікжастаркадррезерві