Жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келген ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ерболат Мұқаев пен Нариман Төреғалиев бүгін шаһар аумағындағы өндіріс орындарында болды. Сондай-ақ «Атамекен» жазғы демалыс орын-жайының жай-күйімен танысты.

 

Кезекті сессия жұмысын қорытындылаған Парламент депутаттары өңірлерді аралап, жұртшылықтың тыныс-тіршілігмен танысу, мұң-мұқтажын анықтау мақсатымен елдімекендерді аралауда. Есепті мерзімде халық қалаулылары 82 заңды қабылдады. Өңірлерді аралау барысында қабылданған заңдардың қолданылуына сараптама жасау, кем-кетігі болса, түзетулер енгізу мәселесі де ескерілетін болады. Бұған дейін аудандарда болып, ауыл аймақтағы ағайынның мәселесіне құлақ түріп, шаруашылықтардың тынысына қаныққан депутаттар Сенат төрағасы Дариға Назарбаеваның тапсырмасы бойынша Орал қаласының өндіріс орындарын назарға алды.