ҚР Президентінің «Ұлт жоспары –100 нақты қадам» бағдарламасы және меритократия қағидаттарын жүзеге асыру аясында а.ж. 29 тамыздың конкурстық комиссияның шешіміне және Орал қаласы әкімінің өкіміне сәйкес, Орал қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Тукжанов Бекжан Нұрланұлы тағайындалды.
Білімі-жоғары. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институты «Бухгалтерлік есеп және аудит», бухгалтер экономист мамандығында, Батыс Қазақстан инженерлік- гуманитарлық университет «Құрылыс материалдарын,бұйымдары мен конструкцияларын өндіру», құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру бакалавры мамандығында оқыды.
Әр жылдары:
-«Орал қаласының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мемлекеттік коммнуалдық жол пайдалану кәсіпорны» -пайдалану учаскесінің инженері,пайдалану бөлімінің бастығы
-«Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»-экономиканың нақты секторын дамыту бөлімінің бас маманы
- «Орал қаласының тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ абаттандыру секторының бас маманы
-«Орал қаласының құрылыс бөлімі» ММ өндірістік- техникалық бөлімінің бас маманы
-«Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ бөлім басшысының орынбасары
Ал 2018 жылдың сәуір айынан бүгінге дейін Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасар қызметін атқарды.