Кәсіпкерлер мен тұрғындардың сұранысына сәйкес, Орал қаласы әкімдігі «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында «Мектеп жәрмеңкесі» 2019 жылдың 1 тамызы - 1 қыркүйегі аралығында Д.Нұрпейісова көшесінің бойында ұйымдастырылатынын хабарлайды.

Кәсіпкерлер, аталған жәрмеңкеге қатысу үшін өтініштерін 2019 жылдың 25 шілдесіне дейін бере алады. Кәсіпкерлер өз өтінімін ұсыну кезінде:

- кеңсе тауарлары мен мектеп құралдарын сату саласындағы қызмет өтілін;

- сауда базарлары мен сауда үйлеріндегі, дүкендердегі, т.б. сауда орындарының санын;

- көтерме жеткізуші екенін;

- бұрын өткізілген жәрмеңкелер кезінде жүргізген қайырымдылық шаралары туралы, т.б. қосымша ақпараттарын көрсеткені жөн.

Қосымша ақпарат алу үшін келесі мекен-жай бойынша жолығуларыңыз сұралады:

«Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 182/1, №405 кабинет, телефон 50-52-06.