Құрметті Орал қаласының тұрғындары мен қонақтары!

Ағымдағы жылдың 3 қараша күні
сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін Сырым Датов көшесіндегі «Ел-Ырысы» базарында және Ихсанов көшесінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтетіндігін хабарлаймыз. Жәрмеңкеде көкөніс, жеміс-жидек, ет және ет өнімдері,  сүт және сүт өнімдері  және тағы басқа да көптеген өнімдер ұсынылады.

Ниет білдіруші кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін жәрмеңкеге қатысуға шақырамыз!