Бүгін шаһар басшысы Мұрат Мұқаев "ЖайықЖылуҚуат" АҚ-ның маңайында болып жатқан мəселелерді талқылап баспасөз маслихатын өткізді. Брифинг барысында қала əкімі Мұрат Рахметұлы БАҚ өкілдерін берешектері бар тұтынушыларды ақпараттандыруда бірге жұмыстануды жəне "ЖайықЖылуҚуат" мекемесіне газ беру жөніндегі келіссөзде əкімдіктің атқарған рөлін айта кетті.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 25 шілде­­сінде қала әкімдігі­н­ің тікелей араласу­ымен «Жайық­ЖылуҚуат» АҚ-ы мен «ҚазТранс­ГазАймақ» АҚ-ы бітім­ге келі­п, Орал ЖЭО-­на табиғи газ беріле­тін болды. Нәтижесін­де ыстық сусыз отырғ­ан қала тұрғындарының мəселесі шешілді.