Қазіргі таңда қаламызда «Жайық Таза Қала» ЖШС пен «Орал Таза Сервис» ЖШС шаһарымыздың тазалығы мен келбетін көріктендіруге күніге күш салуда. Алайда қала тазалығы, оның көркейіп-көгалдануы – жоғарыда аталған мекемелердің ғана емес, барлық тұрғындардың да ортақ міндеті. Сондықтан, абаттандыру ережелеріне сай әрбір тұрғын өзі тұрған аумағын таза ұстап, рұқсат етілген қоқыстарды ғана шығаруы тиіс. Мысалы: орнатылған қоқыс жәшіктеріне істен шыққан тұрмыстық техника, үй-құрылыс заттары, ағаш бұтақтарын лақтыруға тиым салынады.