Бүгін өңіріміздегі білім ордаларында соғылған соңғы қоңырау үні тағы да бір оқу жылының аяқталғанынан хабар берді. 

Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев №1 мектепте өткен «Сәт сапар, түлектер» салтанатты жиынына қатысты. Қала басшысы тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан түлектердің үлкен өмірдегі қадамдарына сәттілік тіледі. Салтанатты сәттен соң әсем әуенмен тербелген оқушылар күміс қоңырау сыңғырына куә болды.

Биылғы 2017- 2018 оқу жылында мектепті 1778 түлек бітіргелі отыр, ҰБТ тапсыруға 1359 түлек ниет білдірді, ол түлектердің 76,4% құрайды.Мектеп бітірушілердің ең жоғары дәрежесі «Алтын белгі» белгісіне үміткерлер қала мектептері бойынша 65 түлек , үздік аттестатқа 32 оқушы үміткер. 2018 жылы №19 және №24 мектептерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізетін болады. Ал № 21, №25, №45 мектептерге күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама дайындалуда. 

Сонымен қатар биыл №4, №48, №49 жаңа мектептер ашылды.