Тұтынушылар сүт майын алмастырғыш қосылған немесе қосылмаған құрамында сүт бар өнімдерді ажыратуға қабілетті болады. Бұл үшін таңбалауға бірқатар түзетулер енгізілді. 2017 жылғы 10 қарашада № 102 Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен қабылданған Кеден одағының «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне енгізілген өзгерістер осы жылғы 16 шілдеден бастап күшіне енді.

Өндіруші құрамына сүт майын алмастырғыш кіретін құрамында сүт бар өнімде өсімдік майының болуы туралы ақпаратты жазу керек. «Өсімдік майлары бар» жазбасы орау немесе жапсырмадағы ақпараттық алаңға арнайы көзге түсерліктей қаріппен жазылады.

Құрамында сүт майын алмастырғыш бар құрамында сүт бар өнімнің атауы «құрамында сүт майын алмастырғышы бар құрамында сүт бар өнім» деген сөздерден басталуы керек, Бұл кілегей-өсімдік спреді, кілегей-өсімдік қорытылған қоспасы, сүт майын алмастырғыш қосылған балмұздақ.

Сүт майын алмастырғыш қосылған осындай құрамында сүт бар өнімдерді өндіру технологиясы туралы мәлімет тиісті сүт өнімдері үшін белгіленген түсінікті көрсете отырып, «технология бойынша өндірілген (дайындалған)» сөздерімен көрсетіледі. Мысалы, «қаймақ технологиясы бойынша өндірілген құрамында сүт майын алмастырғыш бар құрамында сүт бар өнім», сүзбе технологиясы бойынша құрамында сүт майын алмастырғыш бар құрамында сүт бар крем».

Сонымен қатар, құрамында сүт майын алмастырғыш бар құрамында сүт бар өнім атауында үшін «өнім» сөзі өнімнің консистенциясы немесе құрылымын сипаттайтын жалпы техникалық терминмен ауыстырылуы мүмкін: крем, паста, соус және т.б.

Құрамында сүт бар өнімдер және  құрамында сүт майын алмастырғыш бар құрамында сүт бар өнімдер үшін оларды таңбалау кезінде сүт және сүт өнімдері және олардың түрлі үйлесімдері үшін техникалық регламентімен белгіленген түсініктерді тұтынушыларды жаңылысуға алып келетін кез келген мақсатта пайдалануға рұқсат етілмейді. Сондай-ақ, жапсырмаларда сүт өнімдері түсінігінен пайда болған мысалы, «ірімшік тәрізді», «ірімшіктен жасалған», «мәйек», «қаймақ», «сүзбе», «кілегей» және т.б. сөздерін қолданылмайды.

2018 жылғы 20 наурыздағы  ЕЭК Кеңесінің № 40 шешіміне сәйкес техникалық регламентке енгізілген өзгерістердің күшіне енуі бойынша өтпелі ережелер белгіленген. Еуразиялық экономикалық одақта кәсіпкерлер, егер де түзетпелер күшіне енгенге дейін техникалық регламент талаптарына сәйкес берілген бағалау жөніндегі құжаттар бар болса, 2019 жылғы 16 қаңтарға дейін құрамында сүт бар өнімдерді ескі таңбалаумен шығаруға және сатуға құқылы.

Сонымен қатар, дайындаушымен белгіленген жарамдылық мерзімі ішінде өтпелі кезеңде шығарылған өнімдердің айналымына рұқсат етіледі.