Субсидиялар төлеу тәртібі

"Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығының шығымдылығын және өнім сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егіс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-3/177 бұйрығына өзгерістер енгізілуіне сәйкес, Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі қаланың ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінен субсидия алуға өтінімдерді газет бетіне жарияланған күннен бастап 2017 жылғы 1 желтоқсанына дейін қабылдауды жүргізеді. 

Қосымша мәліметті, Орал қаласының ауыл шаруашылығы бөлімінен мына мекенжай бойынша Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы 182/1-үй, 0 қабат, № 4 бөлме, тел. 500977 (күн сайын сенбі, жексенбі күндерінен басқа, сағат 900-ден 1830-ға дейін, түскі үзіліс 1300-ден 1430-ға дейін) info@uralsk.gov.kz аласыз.



Орал қаласының ауыл шаруашылығы

бөлімінің басшысы                                                       М. Батырғалиев


06.03.2017 15:04

Сақтап алу: