ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік жарияланымдарды анықтау мақсатында БАҚ өкілдері мен блогерлер арасында байқау жариялайды

 

2019 жылдың 1 мамыр мен 1 тамыз аралығында баспа және электронды БАҚ беттерінде, сонымен қатар телесюжеттер (тақырыптық телесюжеттердің циклі), әлеуметтік медиа-ресурстарда жарияланған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптарды жарықтандыруға бағытталған жұмыстар қабылданады.

Байқау сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, қоғамда сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға және нығайтуға бағытталған.

Байқауға қатысуға 2019 жылдың 1 мамыр мен 1 тамыз аралығында жарияланған немесе эфирге шыққан жұмыстар және жарияланым циклдері қабылданады.

Байқауға ұсынылған жұмыстар санына шектеу жоқ. Жұмыстар төменде көрсетілген номинациялар бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде қабылданады:

- Үздік интернет-жарияланым;

- Үздік телевизиялық жұмыс;

- Үздік баспасөз жарияланымы;

- Үздік вайн.

            Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың құжаттарын 2019 жылдың 10 тамызды қоса алғанға дейін қабылдайды. Байқаудың қорытындысы құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін жарияланатын болады.

            Байқаудың қорытындысын шығару кезінде әділқазы алқаларымен келесі критерийлер ескерілетін болады:

1) көрсетілген тақырыпқа сәйкестігі;

2) мәселені саралау тереңдігі мен оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы орны;

3) жазу стилі;

4) авторлық концепцияның өзіндік ерекшелігі.

Байқауға қатысу үшін құжаттар келесі мекенжай бойынша қабылданады:

010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Сейфуллин көшесі, 37, 7-қабат, 705 кабинет, тел. +7 (7172) 909-199, сот: +7 778 288 20 77, электронды  пошта: p.kiriskhan@kyzmet.gov.kz, perizat_92@bk.ru

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік журналисттік жұмыстар туралы байқаудың ережесі