Жыл сайын Дүниежүзілік Экономикалық форуммен беліленген бір уақытқа елдердің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін бағалау жүргізіледі. Аталған бағалау Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің сараптау жолымен жүргізіледі,оның барысында 114 инкаторлары бойынша бәсекеге қабілеттіліктің 12 факторлары анықталады.

Ұлттық бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын бақылаулы факторлардың бірі болып – денсаулық және бастауыш білім беру, сонымен қатар, туберкулез бойынша 2 көрсеткіш кірістірілді:

  1. Туберкулездің таралуы-статистикалық деректер нәтижесі бойынша анықталады.

  2. Туберкулездің бизнесті жүргізуге ықпалы-бизнес құрлымдардың басшыларына сауалнама жүргізу нәтижесі бойынша анықталады.

Бизнес нысандарының басшыларына тәуелсіз сауалнама наурыз айында жүргізіледі. Анкетада «Сіздің ойыңызша алдағы 5 жылда туберкулез Сіздің компанияңызға қаншалықты маңызды әсерін тигізеді? »

Жауаптар жеті ұпайлық шкала бойынша бағаланады, әрі «бизнеске маңызды әсер тигізеді» 1 ұпаймен бағаланады, ал «бизнеске ешкандай септігін тигізбейді»- 7 ұпаймен бағаланады.

Өкінішке орай, практикада,көптеген бизнес өкілдері туберкулез бойынша тек қана нақты жауапты белгілей алмайды, сонымен қатар, БЖИ не екенін білмейді және олардың бағалау критерийлеріне нелер кіретіндігін білмейді.

БЖИ қалыптастыратын көрсеткіштерді дұрыс бағалау үшін, Қазақстан Республикасында соңғы 10 жылда туберкулезбен сырқаттанушылық 2,4 есеге, өлім-жітім-6 есеге төмендегенін айтамыз.

БҚО эпидемиологиялық жағдай көрсеткішінің айқын үрдісі байқалынды, соңғы 2 жылда сырқаттанушылық деңгейі 17,6%, өлім-жітім-25,7% төмендеді.

Туберкулез диагностикасы тегін жүргізіледі, барлық азаматтарға диагностикалаудың заманауи генно-молекулярлық, экспресс-әдістері қол жетімді. Бұл ауру емделетін санатқа жатады, туберкулезді емдеу тегін жүргізіледі, науқастар қажетті туберкулезге қарсы препараттармен қамтамасыз етіледі.

Науқастарды анықтаудың және емдеудің заманауи әдістері алдын алу шаралары бар кезде, туберкулез Қазақстанда, біздің облысымызда бизнеске және оның дамуына ықпалын тигізбейді.

Уақытымен медициналық тексерістен өтулер, уақытымен дәрігерге жүгіну, тиімді жұмысты ұйымдастыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру туберкулезді жұқтыру қауіпін төмендетеді.

«Облыстық туберкулезге қарсы дсипансері» ШЖҚ МКК

ЖАДНАМА

Соңғы 10 жылда Қазақстанда туберкулезбен сырқаттанушылық 2,5 есеге төмендеді, өлім-жітім – 6 есеге төмендеді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша оң үрдісі байқалады: туберкулезбен сырқаттанушылық 2015 жылмен салыстырғанда 6% төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 52,7 құрады, оған қарсы 58,5, өлім-жітім 3,4 құрады, оған қарсы 100 мың тұрғынға шаққанда 4,1 құрады.

Скринингтік тексерістердің арқасында, 70% астам туберкулез науқастары сырқаттанудың бастапқы деңгейінде анықталады. Біздің елімізде туберкулезді диагностикалаудың емдеудің барлық инновациалық әдістер түрлері енгізілген. Қазақстан көптеген дәрілерге сезімталдығы бар туберкулез науқастарын барабар емдеуге тегін қолжетімділікпен қамтамасыз еткен аздаған елдердің қатарына кіреді: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымдарында (одан әрі-ДДҰ)-85% стандарт барысында 99,6% жағдай.

ДДҰ жыл сайынғы есептеріне сәйкес аталған дәреже науқастарды емдеу тиімділігі біздің елімізде әлемдегі ең жоғарғы және 72,7% құрайды.

Соңғы үш жылда аталған қызметті қаржыландыру 5,5% көтерілді. 2016 жылы туберкулезге қарсы қызметтің бюджеті 38,3 млрд.теңгені құрады.

ДДҰ 2015 жылдың қараша айында болған соңғы миссиясында, Ұлттық туберкулезге қарсы бағдарламасының жұмысын барлық аспектілері бойынша (ДДҰ бағалау миссиясы 5 жылда 1 рет өткізіледі) оң бағалады.

Қазақстанда туберкулезді бақылау басым бағыттарының бірі болып табылады және Қазақстан Республикасында денсаулықты дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырылады.

Қазақстанда туберкулез емделеді! Халықаралық стандарттарда дәлелденген туберкулезді диагностикалаудың және емдеудің инновациялық жеделдетілген әдістері әрбір азаматқа тегін негізінде қол жетімді!

Қазақстанда туберкулез бизнесті дамытуға ешқандай қауіп төндірмейді!

XIV. Денсаулық.

 

Проявите свою гражданскую позицию!

Азаматтық ұстанымыңызды танытыңыз жетіні тандаңыз!